Абай облысын қолдау керек – премьер-министр

Новости

15.07.2025,

  в 09:38

109

Республикалық бюджеттен жіберілетін қаражат көлемі жеткіліксіз

Үкімет отырысында премьер-министр Олжас БЕКТЕНОВ Абай облысының 6 айдағы көрсеткіштері мәз емес екенін айта келіп, өңір әкімі Берік УӘЛИДЕН оның себебін сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әкім баяндамасынан кейін Үкімет басшысы министрлерге Абай облысына қолдау көрсетуді тапсырды.

— Үкімет мүшелеріне айтатыным, Абай облысын қолдау керек. Жаңадан құрылған өңір. Республикалық бюджеттен жіберілетін қаражат көлемі жеткіліксіз. Оның бәрін ескеріп, көбейту керек, қолдау көрсету керек,
— деді Олжас Бектенов.

Бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек САПАРОВ Үкімет отырысында елдегі ветеринариялық стансалардың техникалық жағдайы қаншалықты мүшкіл екенін баяндады. Айтуынша, Абай облысындағы 10 ауданның жетеуінде ветеринариялық станса жоқ.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform.