Новости
23.07.2025,
в 15:04
28
Қызылорда қаласының кейбір шағын аудандарында 26 шілде мен 1 тамыз аралығында жарық уақытша сөнуі мүмкін. Бұл туралы облыстық энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы хабарлады, дейді ҚазАқпарат.
Өйткені осы уақытта жаңа жылу электр орталығына қосылатын электр желілері жаңартылады. Ол үшін 220 кВ әуе желісінде жоспарлы жөндеу жұмысы жүргізіледі.
— Жөндеу барысында ескі желіден жаңасына көшуге байланысты қаланың кейбір шағын аудандарында жарық уақытша сөнуі мүмкін. Жөндеу жұмыстары толық аяқталған соң тұтынушыларды электрмен қамту қалыпты режимге ауысады. Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз, — делінген хабарламада.
Фото: freepik.com.
Реклама
22.07.2025,
17:13
20.07.2025,
09:00
23.07.2025,
10:36
21.07.2025,
10:36
Реклама
Реклама