Новости
16.07.2025,
в 10:35
69
Қарағанды облысының Шахтинск қаласына қарасты Долинка кентінде 100-ден астам қойдың қырылған. Алдын ала болжам бойынша мал уланған болуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада далада жатқан мал өлекселері көрсетілген. Кадрлар елді елең еткізді. Қой иелері болған жағдайға алаңдаулы, ал жергілікті билік оқиғаға қатысты алғашқы түсініктеме берді.
— Қырылған малдың барлығы бір жерден су ішкен. Алдын ала деректерге сәйкес, дәл осы судан уланған болуы ықтимал. Қазір зертханалық зерттеу жұмыстары жүріп жатыр, — делінген Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми хабарламасында.
Абай ауданына қарасты Жартас ауылының шекарасы, Долинка кентімен іргелес жатқан жерден 105 бас малдың өлексесі табылды.
Жергілікті әкімдік қазіргі таңда эпизоотиялық жағдай тұрақты екенін, мал арасында аса қауіпті жұқпалы аурулар жоқ екенін хабарлады.
— Облыстық ветеринариялық қызмет мамандары уланудың жалпы осындай жағдайлардың алдын алу бағытында кешенді жұмыс жүргізіп жатыр. Жағдай бақылауда, — делінген әкімдік мәлімдемесінде.
Фото: видеодан скрин.
Реклама
16.07.2025,
10:24
15.07.2025,
20:11
16.07.2025,
09:00
15.07.2025,
13:52
16.07.2025,
21:14
Реклама
Реклама