Шымкентте жас қыз жалған продюсерге жалаңаш суреттерін жіберді

Қайтейік енді

18.07.2025,

  в 18:00

564

Ауылда тұратын “продюсер” сосын қыздан 500 000 теңге боспалаған

Шымкенттің ауданаралық сотында бопсалау қылмысы бойынша кезекті бір іс қаралды. Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Қандөз ауылының Асанәлі А. деген 27 жастағы тұрғыны биыл 8 наурызда өзін қазақстандық танымал топтың продюсері ретінде таныстырып, сол топтың атынан әлеуметтік желілерде қыздарды құттықтай бастайды.

Содан жас қыздар әлгі “продюсердің” аккаунтына жаппай жазыла бастаған болса керек. Солардың арасында болған Шымкент қаласының Жанна есімді (аты өзгертілген) тұрғыны “продюсерге” сеніп, оған бэк-вокал болсын, биші болсын – қалай да әлгі топтың құрамына қосылуды армандайтынын айтқан екен.

Сол-ақ екен, Асанәлі оған өз “шарттарын” қойды: “Топқа алуым мүмкін, ол үшін маған дауысыңды, түріңді, аудио-видео жазбаларыңды, тіпті жалаңаш күйіңдегі суреттеріңді жібер. Ұялудың қажеті жоқ, – бұл шоу-бизнес!” — деген сарында жауап берген.

Қыз сәл тартынғанымен, ақыры жалаңаш суреттерін жіберіп қойған.

Арада төрт күн өткен соң, әлгі “продюсер” шантажға көшті. Қыздан 500 000 теңге талап етіп, ақшаны аудармасаң интим-фотоларың интернетке шығып, әлеуметтік желілерге тарайды деп қорқытқан.

Жанна дереу полицияға жүгініп, полицейлер Қандөз ауылындағы “продюсерді” тез тапты.

Тергеу барысында Асанәлінің мессенджерлердің бірінде арнайы топ ашып, оған жартылай жалаңаш қыздың суреттерін жүктеп үлгергені анықталды.

Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабының 1-бөлігі (бопсалау) және 147-бабының 5-бөлігі (жеке өмірге қолсұғушылық, сондай-ақ ҚР дербес деректер мен оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу – бұқаралық ақпарат құралдарында, телекоммуникация желілерінде не онлайн-платформада) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Асанәлі кінәсін толық мойындады. Сот үкімімен ол бірнеше бап бойынша кінәлі деп танылып, үш жылға шартты түрде сотталды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Фото: freepik.com.

Аударған А.Олжаев.

АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!