Новости
22.07.2025,
в 14:34
61
Өнеркәсіп және құрылыс министрінің орынбасары Олжас САПАРБЕКОВ Астанадағы тұрғын үй алаптары құмырсқа илеуіне айналып кеткені туралы сындарға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
— Бүкіл үйлер бекітілген талаптар бойынша салынып жатыр. Басқа елдерде адамдар қалай тұрып жатқанын салыстырып қарасаңыздар жетіп жатыр. Шын мәнінде біз мүлде құмырсқа илеуіндегідей ұйлығысып тұрып жатқан жоқпыз, — деді вице-министр.
Сондай-ақ, ол баспана бағасын сұраныс анықтайтынын еске салды.
— Баға қолжетімді ме? Бұл риторикалық сұрақ. Сұраныс болса, ұсыныс та болады. Баспана сатып алуға болады. Баспана деген барып сатып ала салатын тауар емес екенін түсіну керек. Біз де баспана алу үшін ақша жинағанбыз. Бізде баға, сапа, бөлме саны бойынша, орналасқан ауданы бойынша таңдау бар, — деді Олжас Сапарбеков.
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform.
Реклама
22.07.2025,
17:13
20.07.2025,
09:00
21.07.2025,
10:36
18.07.2025,
14:06
16.07.2025,
21:14
Реклама
Реклама